«Білім келешегі: адал азамат – кәсіби маман» атты облыстық тамыз педагогикалық кеңесінің мемлекеттік және жекеменшік мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына және аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне арналған «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының орта білім беру ұйымдарында іске асыру ерекшеліктері» тақырыбында секция отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Білім келешегі: адал азамат – кәсіби маман»   атты облыстық тамыз педагогикалық кеңесінің мемлекеттік және жекеменшік  мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына және аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне арналған

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының орта білім беру ұйымдарында іске асыру ерекшеліктері» тақырыбында  секция отырысы өтті

 

                 2025 жылдың 11 тамыз  күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен  мемлекеттік және жекеменшік  мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының орта білім беру ұйымдарында іске асыру ерекшеліктері» тақырыбында  облыстық тамыз  кеңесінің  секция отырысы  zoom  бейнебайланыс  режимінде өтті. Барлығы 400-ге жуық педагог  секция жұмысына  қатысты.

Панельдік  секцияда «Адал азамат» моделін жүзеге асыру тәжірибелері, мектеп, ата-ана және қоғамның бірлескен әрекеті мен мемлекеттік құрылымдармен серіктестік жобалары талқыланды. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталықтың басшы орынбасары Нарегеева Агура  Маарбановна –   алғы сөзде тәрбие жұмысының жаңа оқу жылының негізгі басымдықтары мен жеке меншік мектептермен, мүдделі мемлекеттік органдармен жұмыс бағытын айқындайтындығы туралы тоқталды. Шайланов Ерболат Сексенбайұлы – «ӨРКЕН» БӘАҰҒПИ КеАҚ, Балаларды психологиялық-педагогикалық сүймелдеу жүйесін дамыту зертханасының жетекші маманы, «Оқу-тәрбие жүйесін табысты жүзеге асырудағы мектеп пен ата-ананың ынтымақтастығы» тақырыбында баяндама жасап білім беру ұйымдарында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы қызметін ұйымдастырудың әдістемелік негіздеріне, балалардың қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы туралы айтты, Сатылғанова Зауре Бақтыбайқызы  Байзақ ауданы білім бөлімінің әдіскері, «Білім беру ұйымдарында «Даналық мектебі» клубының қызметін ұйымдастырудың тәжірибелік негіздері»  тақырыбында баяндама жасады, сонымен қатар Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының “Жеке тұлғаны әлеуметтендіру және тәрбие жұмысы” бөлімінің жетекшісі Келдибаева Гульзат Елемесқызы  2025 -2026 оқу жылындағы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын ұйымдастырудың  ерекшеліктеріне тоқталды және 2024–2025 оқу жылының қорытындысы ретінде баяндамалық сөзде орталықтың атқарған негізгі жұмыстары, жүзеге асырылған жобалар мен бағдарламалар шеңберіндегі нәтижелері баяндалды.

Қатысушылар  «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарлама мазмұны мен оны тиімді жүзеге асыру тетіктерін жан-жақты түсіндіру, сондай-ақ білім беру ұйымдарында құндылыққа негізделген тәрбие жүйесін үйлестіру мен    тәрбие жұмысын  ұйымдастыру  бойынша  әдістемелік көмектер  алды және  электронды таратпалы материалдар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bilim/press/news/details/1049392?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version