Халықаралық жастар күні – болашаққа сенім мен жаңа мүмкіндіктер.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әр жылы 12 тамызда әлем елдері Халықаралық жастар күнін атап өтеді. Бұл күн – жастардың қоғамдағы рөлін айқындап, олардың идеялары мен бастамаларына қолдау көрсетудің символына айналған мереке. Қазақстан да бұл маңызды датаны назардан тыс қалдырмай, жастар саясатын дамытуға, олардың әлеуетін ашуға бағытталған іс-шаралар өткізеді.

Қазақстан халқының шамамен үштен бірі – он төрт пен отыз бес жас аралығындағы азаматтар. Бұл – елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына зор үлес қосатын үлкен күш. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жолдауларында жастарды қолдау саясатының стратегиялық маңыздылығын атап өтеді. Себебі бәсекеге қабілетті, білімді, отаншыл жас ұрпақ – елдің тұрақтылығы мен өркендеуінің кепілі.

Қазақстанда жастарға қолдау көрсету мақсатында 2015 жылы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заң қабылданды. Осы заң аясында, «Болашақ» халықаралық бағдарламасы, гранттар көлемінің артуы, академиялық ұтқырлық жобалары іске асырылуда, «Жастар тәжірибесі», «Дипломмен – ауылға» сияқты бағдарламалар арқылы еңбек нарығына бейімделу мүмкіндіктері кеңейді, «Жас кәсіпкер» және «Zhas Project» сияқты жобалар жастардың бизнес-идеяларын жүзеге асыруға және баспана алуға жеңілдетілген несие, волонтерлік қызметті ынталандыру, спорт және мәдениет саласындағы гранттар алуға қолдау береді.

Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы, климаттың өзгеруі, еңбек нарығындағы жаңа талаптар – жастардың алдында жаңа міндеттер қояды. Қазақстандық жастар IT-технологиялар, экология, әлеуметтік инновациялар саласында халықаралық жобаларға қатысып, жаһандық деңгейде өздерін танытуда.

Мысалы, қазақстандық стартаптар халықаралық акселераторларға өтіп, шетелдік инвестиция тартып жатыр. Волонтерлеріміз БҰҰ, ЮНИСЕФ секілді ұйымдармен ынтымақтастық орнатуда.

Қазақстан жастары жаһандану жағдайында ұлттық мәдениетті сақтауға және дамытуға да ерекше назар аударады. «Жаңа Қазақстан» идеясын іске асыруда жастар ұлттық бірегейлікті күшейтуге, мемлекеттік тілді ілгерілетуге және тарихи мұраны дәріптеуге атсалысуда.

Халықаралық жастар күні – тек мерекелік шара ғана емес, жастар саясатын жаңғырту, олардың әлеуетін тиімді пайдалану және болашаққа бағытталған жобаларды іске асыру қажеттігін еске салатын күн. Қазақстан жастары білімді, жаңашыл және жауапты болуымен бірге, елдің тұрақты дамуы мен өркендеуіне өз үлесін қоса беретіні сөзсіз.

«Жастар – болашақтың кепілі» деген ұстаным – тек ұран емес, мемлекеттің даму стратегиясының басты бағыты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kyzylorda/press/news/details/1049686?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version