А.ж. 13 тамызы күні сағ. 09:00 ден 13:00 аралығында Катонқарағай ауылында, Катонқарағай аудандық терроризмге қарсы жедел штабы «Катонқарағай-Терроризмге қарсы-2025» жедел-тактикалық антитеррористік оқу-жаттығуын өткізеді.
Іс-шараның мақсаты құқық қорғау және арнайы органдардың түрлі террористік сипаттағы қауіптерді жою жөніндегі күштер мен құралдардың дайындық деңгейін тексеру.
Азаматтарды сабыр сақтауға шақырып, ресми ақпарат дереккөздерге сенуді және оқу-жаттығуларға қатысатын мемлекеттік органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауларын сұраймыз.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі
Шығыс Қазақстан облыстық жедел штабы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1049897?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау