Шілдеде жұмыс берушілер «Enbek.kz» электронды еңбек биржасында 104,8 мың бос жұмыс орнын орналастырды, бұл маусыммен салыстырғанда 4,6 мыңға (4%) аз. Сонымен қатар, бір айда өтініш бергендердің саны 38 мыңға (34%) артты – 147,8 мың түйіндеме жарияланды.
Шілдеде бос жұмыс орындарының айтарлықтай өсуін Алматы (+28%, 4,2 мыңға дейін) және Қызылорда (+20%, 2,8 мыңға дейін) облыстары, сондай-ақ Алматы қаласы (+20%, 7,9 мыңға дейін) және Солтүстік Қазақстан облысы (+17%, 4,7 мыңға дейін) көрсетті. Бұл ретте бос жұмыс орындарының ең көп азаюы Жамбыл (-57%, 3,3 мыңға дейін) және Түркістан (-45%, 5,6 мыңға дейін) облыстарында байқалды.
Шілде айында бос жұмыс орындарын орналастырған жұмыс берушілердің көпшілігі білім беру (20 мыңнан астам бос жұмыс орны), қызметтің басқа түрлетін көрсететін ұйымдар (16,5 мың), денсаулық сақтау (10,6 мың) және өңдеу (7,7 мың бос орын) салаларында болды – осы салалардың жиынтық үлесі барлық бос жұмыс орындарының 57%-ын құрады. Бұл ретте білім саласындағы әрбір төртінші бос орын Астана және Алматы қалаларында орналастырылды.
Нақты мамандықтардың ішінде жұмыс берушілер арасында ең көп сұранысқа ие болғандар мейіргерлер (2,2 мың бос жұмыс орны), тәрбиешілер (1,9 мың) және автокөлік жүргізушілері (1,8 мың) болды.
Біліктілік талаптары бойынша сұраныс құрылымы жоғары білікті жұмыс күшіне ауысты – шілдеде 32,9 мың бос жұмыс орны орналастырылды (31,4%). Біліктілігі жоқ жұмысшыларға сұраныс та өсті – 44,3 мың бос жұмыс орны (42,3%). Орташа білікті жұмысшылар 26,3% жағдайда ғана (27,6 мың) іздестірілді.
Шілде айында түйіндемелердің саны барлық аймақтарда түгел өсім көрсетті. Бұл ретте жұмыс іздеушілердің белсенділігі бірінші кезекте Шымкент (+54%, 19,6 мың түйіндеме), Қызылорда (+46%, 9,3 мыңға дейін) және Атырау (+38%, 10,4 мыңға дейін) облыстарында айтарлықтай өсті.
Ең жоғары жалақыны келесі мамандықтар бойынша: ұшқыш (орта есеппен 1,8 млн теңгеден), сынақ және жабдықты реттеу бөлімінің бастығы (~1,5 млн теңге) және IT саласындағы техникалық директор (~1,4 млн теңге) үміткерлер күткен. Ал нақты сектор ұсынатын ең жоғары жалақы төленетін ашық лауазымдар: тау-кен өнеркәсібіндегі учаске басшысының орынбасары (756 мың теңгеден), учаске басшысы (~747 мың теңге) және бас құрылысшы (~668 мың теңге).
Осылайша, жаздың ортасына қарай маусымдық сұраныстың өсуінен кейін жұмыс берушілер белсенділігі ішінара түзетілді, бірақ жұмыс іздеушілердің қызығушылығы жалғасын табуда, әсіресе оқу орындарының қызметкерлері арасында жоғары білікті еңбек сегментінде байқалады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/1049259?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау