ШҚО-да шөп дайындау көлемі ұлғайтылмақ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов аудан әкімдеріне шөп дайындау көлемін 120%-ға жеткізуді тапсырды.

Мұндай шешім биылғы жаздың қолайлы ауа райы жағдайына байланысты қабылданды – мол жауған жаңбыр шөптің жақсы өсуіне мүмкіндік берді.

«Бұл мүмкіндікті пайдаланып, басқа да қуаңшылыққа ұшыраған өңірлерге жем-шөп дайындауда көмек қажет болған жағдайда, біз қолдау көрсете алатындай қор жинауымыз керек», – деп атап өтті өңір басшысы.

Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, ең алдымен облыстың ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз ету керек, содан кейін күрделі климаттық жағдайда әріптестерді қолдауға мүмкіндік беретін резерв қалыптастыру қажет. Тапсырманың орындалуын қадағалау аудан басшыларына жүктелді.

ШҚО ӘКІМДІГІ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1049239?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version