Тұтынушыға арналған

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Күн сайын тамақ ішкен кезде тамақтың денсаулыққа қауіпсіз екенін білуіміз керек.
Ең алдымен, өнімді таңдағанда, таңбалауды мұқият оқып шығу керек. Таңбалауда өнім туралы ақпарат жазылуы тиіс. Сонымен қатар, таңбалау тауарды сәйкестендіруге арналған, сонымен қатар осы өнімді сатып алуға да ынталандыруы тиіс.
Ақмола облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өнімнің сынамасын іріктеу арқылы өнімнің қауіпсіздігіне ай сайын мониторинг жүргізіп, кейіннен санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізеді.
Қапталған тамақ өнімдерін таңбалауында: тамақ өнімінің атауы, құрамы, саны, дайындалған күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, дайындаушының атауы мен орналасқан жері, пайдалану жөніндегі ұсынымдар және (немесе) шектеулер, тамақ құндылығы көрсеткіштері, тамақ өнімдерінде гендік түрлендірілген организмдерді (ГМО) қолдана отырып, алынған компоненттердің болуы туралы мәлімет, өнім айналымының бірыңғай белгісі (“ЕАС”белгісі) болуы тиіс.
Қапталған тамақ өнімдері мемлекеттік және орыс тілдерінде таңбалануы тиіс.
Таңбалау түсінікті, оңай оқылатын, тұтынушылар үшін сенімді ақпаратболуы тиіс. Жазылған жазу, салынған белгі, символ таңбалау салынған фонға контраст болуы тиіс.
Азық-түлік сатып алғанда, абай болыңыз, өнімнің сыртқы түріне, таңбалануына және сауда желілерінде өнімнің қалай сақталатын шарттарын мұқият қараған жөн.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1049893?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version