Қазіргі уақытта платформада заңды тұлғаның мобильді нұсқадан өтініштерді онлайн режимде беру мүмкіндігі жоқ.
Еotinish-тің web нұсқасы арқылы https://eotinish.kz сілтемесі бойынша өтініш беруге немесе ХҚКО-ға, “Нәтиже” бөліміне жүгінуге болады.
Заңды тұлға өтініш беру үшін төмендегілерді орындау қажет.
Заңды тұлғалардан «e-Otinish»-ке өтініш берудің 9 қадамы:
- https://eotinish.kz сілтемесі бойынша өту.
- Сервисте авторлану.
- Өтініш түрін таңдау (әдепкі түрі – Арыз).
- Қажетті мемлекеттік органның атауын енгізіңіз.
- Өтініш мәнін сипаттау.
- Қажетіне қарай файлдар тіркеу (аудио және видео файлдар, сондай-ақ жиынтық көлемі 80 мб-дан асатын файлдар қоса берілмейді).
- Нақты тұратын мекенжайын көрсету.
- ЭЦҚ арқылы қол қою және жіберу.
- Жіберілгеннен кейін өтінішке бірегей нөмір беріледі.
Ақпарат көзі: https://eotinish.kz
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral-zhinishkeqym/press/news/details/1049854?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау