Жағатал ауылдық округінің әкімі Тұрлыбеков Қайрат Берікбайұлы Бесағаш ауылының тұрғындарымен жоспарлы кездесу өткізді. Кездесу барысында округ бойынша атқарылған жұмыстар, ауыл инфрақұрылымын дамыту, әлеуметтік және ауыл шаруашылық бағытындағы өзекті мәселелер сөз болды. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, бірқатар ұсыныстар айтылды. Кездесуден кейін тұрғындармен жеке қабылдау ұйымдастырылып, жеке өтініштер қаралды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhagatal/press/news/details/1049242?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау