Жапонияның Осака қаласында EXPO-2025 көрмесі өтіп жатыр  

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жапонияның Осака қаласында EXPO-2025 көрмесі өтіп жатыр. Жаһандық көрме «Өміріміз үшін болашақ қоғамын құру» тақырыбына арналды. Оның аясында Қазақстанның Ұлттық күні салтанатты түрде ашылды.

EXPO-2025 дүниежүзілік көрмесінің ұйымдастырушылары 10 тамыз күнін Ұлы Абайдың туған күнін Қазақстанның Ұлттық күні деп жариялады.

Іс-шараға ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев, Қазақстан Республикасының Жапониядағы елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев, Жапонияның экономика, сауда және өнеркәсіп вице-министрі Като Акиоши, Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Халел Әкімжанов, «QazExpoCongress» ҰК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары – EXPO 2025 Osaka дүниежүзілік көрмесінде Қазақстан секциясының Бас комиссары Дәулет Еркінбаев, елорданың сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Алтынбек Ахметов, Артём Квашук «Astana Tourism» туризмді дамыту орталығының басқарма төрағасы Артём Квашук пен «Astana Innovations» АҚ басқарма төрағасы Ғизат Әмірғали қатысты.

EXPO-2025 басты тақырып үш бағыт бойынша ашылады: «Өмірді құтқару», «Мүмкіндіктерді кеңейту» және «Өмірді біріктіру». Шара осы жылдың 13 сәуірі мен 13 қазан аралығында өтіп жатыр.

Көрмеге 150 ел және 9 халықаралық ұйым қатысып жатыр. Келушілер саны шамамен 28,2 млн адамға жуықтайды.

Қазақстанның павильоны Шаңырақ символында тарихқа, мәдениетке, экономикалық көрсеткіштерге, экожүйеге, туризмге, инвестицияға, инновацияға ерекше назар аударған.

Бұл күні еліміздің мемлекеттік туын көтеру салтанаты, қонақтар мен қатысушылардың ресми кездесулері, сондай-ақ қазақстандық әртістердің қатысуымен этно-концерт және шеру өткізілді.

Ұлттық күнді мерекелеу аясында 10-11 тамыз күндері іскерлік және мәдени іс-шаралар өтіп жатыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1049227?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version