2025 жылдың 05 тамызында Павлодар облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Д.Н.Байдильдинің төрағалығымен Әділет министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарының нысаналы индикаторларына қол жеткізу, сомаларды мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы, алименттерді өндіріп алу туралы атқару құжаттарының орындалу тиімділігін арттыру, сондай-ақ атқару құжаттарын орындау барысында туындайтын басқа да проблемалық мәселелер бойынша жұмыс кеңесі өткізілді.
Бірлескен іс-шараға Павлодар облыстық прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасы бастығының орынбасары Н.Қ. Құдасов, ЖСО өңірлік палатасының төрағасы Д.Б. Исабеков, жетекшілік ететін орынбасарлары Т.Р. Қажымұратов, Смағұлов Р.С., әдеп жөніндегі уәкіл Баильдинов А.С., Павлодар облысы ЖП Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Сартов Қ.С., Оңтүстік ПБ анықтау бастығы Е.Е.Шәкіров, Павлодар облысы Әділет департаментінің сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің басшысы А.Қ.Қанопьянова, аға сот орындаушылары Манкиева А.М., Байзакова А.С. және жеке сот орындаушылары.
Кеңес барысында қарыздарды өндіріп алу және нысаналы индикаторларға қол жеткізу, ЖСО әрекетіне шағымдар санын азайту, «алименттер» істерінің әлеуметтік маңызды санаттағы құжаттарын орындау, ЖСО Ар-намыс кодексін сақтау бойынша әзірленген іс-шаралар жоспарының орындалу барысы қаралды.
Сондай-ақ, төрағалық етуші сот актілерін орындау кезінде бірлескен қатысушылардың одан әрі өзара іс-қимылы туралы атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-pvl/press/news/details/1049113?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау