Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков азаматтарды қабылдау орталығында жеке қабылдау жүргізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кездесуге Тараз және Астана қалаларының тұрғындары өздерінің бірқатар құқықтық мәселелерімен келді.

Қабылдау барысында азаматтар зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды тіркеу, жылжымайтын мүлікті рәсімдеу, сондай-ақ адвокаттардың қызметі бойынша сұрақтар көтерді.

Қабылдауға Әділет министрлігінің тиісті құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.

Қабылдаудың қорытындысы бойынша Бекболат Молдабеков тиісті түсіндірмелер беріп, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берді. Барлық өтініштер бақылауға алынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1050631?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version