Күн тәртібінде төмендегідей келесі мәселелер қаралды:
1. Аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан балаларды, жетім балаларды, мүгедек азаматтар мен мүгедек балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қ. Үсенғалиевтің есебі тыңдалды.
2. Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023–2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды іске асыру барысы туралы аудандық білім бөлімінің, аудандық аурухананың және “Жадыра” отбасын қолдау орталығының есептері тыңдалды.
Комиссия отырысы қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі мәселелерге сәйкес тиісті хаттамалық тапсырмалар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga/press/news/details/1050435?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау