Биыл «Қазсушардың» «Қ. Сәтбаев атындағы канал» филиалы экологиялық мақсатта 170,5 млн текше метр су жіберді. Оның ішінде 120 млн текше метрі Шідерті–Өленті табиғи аймағын сақтау және қалпына келтіру үшін Шідерті өзені арқылы бағытталды.
Бұл су Шідерті өзенінің жайылма алқабындағы шабындықтардың өнімділігін гектарына 16 центнерден 19,3 центнерге дейін арттыруға мүмкіндік берді.
«Шідерті өзеніне су жіберу Павлодар облысының экономикалық және экологиялық ахуалын едәуір жақсартты. Бұл мал азығын мол жинауға және балық шаруашылығы көлдерінің өнімділігін қалпына келтіруге септігін тигізді. Жыл сайын Қ. Сәтбаев атындағы каналдың суымен Шідерті өзенінің бойындағы 23 мың гектарға дейін жайылым мен шабындық суарылады», – деді «Қ. Сәтбаев атындағы канал» филиалы директоры Оңдасын Жиенқұлов.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/1050294?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау