Қазақстанның Эквадордағы Құрметті консулына патент табыс етілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бразилиa, 2025 жылғы 12 тамыз – Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігінде Елші Болат Нүсіпов Эквадордағы ҚР Құрметті консулының уәкілетті өкілі-кеңесшісі Сантьяго Зунига Вилависсес мырзамен кездесті.

Әңгіме барысында Елші Эквадордағы ҚР Құрметті консулы Леопольдо Окампо мырзаны ресми түрде қызметіне кірісуімен құттықтап, оның өкіліне Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің консулдық патентін табыс етті.

Тараптар экономика және сауда, мәдениет және білім беру, сондай-ақ консулдық-құқықтық мәселелер саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Негізгі назар екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы алғашқы саяси консультацияларға дайындық, Құрметті консулдықтың ресми ашылуы және осы жылдың қазан айында Кито қаласында Эквадордың іскер топтарымен кездесу аспектілеріне аударылды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Құрметті консулдық пен Елшілік арасында жоғарыда аталған мәселелер бойынша тұрақты жұмыс байланысын қолдау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1049938?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version