САРЫАҒАШТА ЖАСТАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

 

12 тамыз – Халықаралық жастар күні мерекесіне орай Сарыағаш ауданының белсенді жастарының қатысуымен “Жастармен бірге жарқыра” атты мерекелік кеш өтті.

 

Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Қозыбаев Алдияр Хайбілдаұлы сөз алып:

«Ауданымызда халық санының 30 пайызын жалынды, жігерлі жастар құрайды. Жастық шақ – жігердің, ізденістің, арман мен мақсаттың алтын кезеңі. Ал Сарыағаш жастары – білімді, еңбекқор, отаншыл, жаңаға ұмтылғыш ұрпақ ретінде баршаға үлгі. Сіздердің тың идеяларыңыз, қайсар қадамдарыңыз, туған жерге деген махаббаттарыңыз – ауданымыздың дамуына серпін беріп, болашағын жарқын етеді» – деді. Сондай-ақ, түрлі саладағы белсенді жастарды аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттап, сыйлықтар табыстады.

 

Марапатталған жастар:

  • Бейсенқұл Елнұр – №4 мамандандырылған мектеп-интернатының түлегі, ҰБТ-ден ең жоғары нәтиже – 138 балл иегері
  • Эргашов Тохиржон Зохиджонұлы – жас аспазшы, кәсіпкер
  • Жаңабай Ерсұлтан Сейітмұратұлы – ағаш ұстасы, ұлттық бұйымдар шебері
  • Сарыбаев Ерлан Жарқынбайұлы – мәдениет үйінің еңбек қауіпсіздігі инженері
  • Тоқтарбай Асылзада – облыстық «Ауыл фест» байқауының жеңімпазы, ұлттық сүт тағамдарының шебері
  • Тәгаймұратов Нұрбек Бахтиярұлы – облыстық интеллектуалды ойындардың жүлдегері, “Конина Power” командасының мүшесі
  • Қобланбек Нұрбахыт Мұратұлы – «Жас еңбек адамы-2025» облыстық байқауының бас жүлде иегері, шино монтажшы
  • Елемесов Серғазы Әбубәкірұлы – №12 кәсіптік колледж директорының орынбасары
  • Ағабек Атабек Бахтиярұлы – математика пәні мұғалімі, жайдарманнан аудан әкімінің кубогы иегері, «36» жайдарман тобының жетекшісі
  • Оңғарова Айгерім Оразбайқызы – блогер, қоғам белсендісі
  • Тұрғынбай Әсем Асанқызы – үздік жастар ісі жөніндегі инспектор
  • Тоғызбаева Айгүл Аркенқызы – Абай оқулары облыстық байқауының жеңімпазы, жас кітапханашы
  • Исахов Дастан Медеуұлы – жас тракторшы

 

Марапаттау рәсімінен кейін жастарға қатысты танымдық викториналық сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендерге естелік блокноттар табысталды.

 

Мереке аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасып, отшашу мен жас таланттар көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1050499?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version