ТҮРКІСТАНДА ЖАРНАМА МӘТІНДЕРІНІҢ САУАТТЫ ЖАЗЫЛУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалымен және «Халықаралық Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің филиалымен бірлесіп, шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің өкілдерін қатысуымен 13 тамыз күні облыстық дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
 
Дөңгелек үстелдің басты мақсаты – кәсіпкерлік нысандардағы (мейрамхана, дәмхана, дүкен және т.б.) көрнекі ақпаратта Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының 21-бабы мен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 75-бабында белгіленген мемлекеттік тіл нормаларының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ заң талаптарын түсіндіру және бұзушылықтардың алдын алу. Кездесу корытындысы бойынша хаттама әзірленіп және «Тағам атаулары сөздігі» таратылды.
 
Айта кетейік, шара Түркістан облысы мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-madeniet/press/news/details/1050593?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version