“Әр азаматқа – заңдық көмек” акциясы ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасы Конститутциясының 30 жылдығына арналған медиажоспарға сәйкес, Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментімен ағымдағы жылдың 13 тамызында аумақтық нотариаттық палатамен бірлесе отырып, «Әр азаматқа-заңдық көмек» акциясы өткізілді.
Шараға департаменттің қызметкерлері, нотариус, адвокат және сот орындаушылар қатысып, тегін заң көмегін берді.
Шараның басты мақсаты – азаматтарға өз құқықтарын жүзеге асыруда көмек беру және құқықтық сауаттылықты арттыру.
Акция барысында азаматтар мамандарға тікелей жүгініп, толыққанды жауаптар мен кәсіби кеңестерін алды.
Мұндай форматтағы іс-шаралар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, тұрғындарға өз құқықтары мен мүмкіндіктері жайлы ақпарат алуына үлкен мүмкіндік берді.
Организована акция «Каждому гражданину — правовая помощь»
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-bko/press/news/details/1051195?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау