Ағымдағы жылдың 14 тамызында Өскемен қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 14 тамызында Өскемен қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.

Сессия қорытындысы бойынша қала бюджетіне өзгерістер енгізілді. Түзету шеңберінде келесі бағыттарға қосымша қаражат бөлу көзделді:

– шұңқырларды жөндеу (күзгі кезең);

– контейнерлік алаңдарды кеміргіштерден өңдеу;

– автобус жолаушылар тасымалын субсидиялау;

– қысқы және жазғы кезеңдерде автомобиль жолдарын күтіп-ұстау;

-16-шы және 28-ші тұрғын аудандарды электрмен жабдықтау;

– жолдарды орташа жөндеу.

Сонымен қатар, кадрлық өзгерістерге байланысты Өскемен қаласының білім бөлімінің ведомствоаралық комиссиясының құрамына түзетулер енгізілді, сондай-ақ жер комиссиясының жаңа құрамы бекітілді.

Жер комиссиясының құрамына: қалалық мәслихат депутаттары, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімдерінің өкілдері, Қоғамдық кеңестің, жергілікті өзін-өзі басқару органының, мемлекеттік емес ұйымдардың, сондай-ақ Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1051235?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version