Балалардың бiлiм беру объектiлерiнде болу жағдайларының қауiпсiздiгiне санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң басым мiндеттерiнiң бiрi болып табылады.
Білім беру объектілеріне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларымен регламенттелген.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы №ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығымен бекітілген «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесіне» сәйкес білім беру объектілері эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерге жатады және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 19-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес олардың қызметіне санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болған кезде ғана жол беріледі.
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және оның аумақтық басқармалары «Жайлы мектеп» жобасы шеңберінде мектеп құрылысы барысында туындайтын балалардың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету саласындағы проблемалық мәселелерді дер кезінде анықтау және жедел шешу мақсатындағы мониторингті жалғастыруда.
Сонымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Алматы қаласында 21 мектептің құрылысы жоспарланған, оның ішінде 8 мектептің құрылысы аяқталған. Олардың 6-ы (Алатау ауданы бойынша: №213, №217, №218 жалпы білім беретін мектептер, Алмалы ауданы бойынша: №216 жалпы білім беретін мектеп, Әуезов ауданы бойынша: №97 жалпы білім беретін мектеп, Наурызбай ауданы бойынша: №214 жалпы білім беретін мектеп) санитариялық қағидалар талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларын алған.
Ал 2 мектеп бойынша (Бостандық ауданы бойынша 1500 орындық №215 жалпы білім беретін мектеп, Алмалы ауданы бойынша 1500 орындық №154 мектеп) қазіргі уақытта Алматы қаласы Білім басқармасының теңгеріміне беру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қалған 13 мектепте құрылыс жұмыстары жалғасуда.
Департамент және оның аумақтық басқармалары «Жайлы мектеп» жобасы шеңберінде салынып жатқан мектептердің құрылысына мониторинг жүргізуді қамтамасыз етуде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1051185?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау