Төле би көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
13 және 14 тамызда екі түн қатарынан сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін Қалдаяқов көшесінен бастап ШААЖ-ға дейінгі аралықта, сондай-ақ жолайырығына кіріп-шығатын барлық бағытта көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады.
Жөндеу жүріп жатқан аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген ақпараттық тақталар орнатылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
Еске салайық, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктерінің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ, 2GIS пен «Яндекс карталар» сервистерінде жарияланады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1050784?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау