Бесінші сайланған аудандық мәслихаттың кезектен тыс XXXIII сессиясы өтті
Мұнайлы ауданында бесінші сайланған аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз үшінші сессиясы өтті. Жиынға аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрхан Мұстафаев, аудандық мәслихат төрағасы Берік Біләлов, депутаттар, ауыл әкімдері және тиісті бөлім басшылары қатысты.
Сессияның күн тәртібінде екі негізгі мәселе қаралды:
Бірінші мәселе – Мұнайлы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №25/139 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу. Бұл өзгерістер аудан бюджетінің кіріс және шығыс бөлігін нақтылау, сондай-ақ әлеуметтік, инфрақұрылымдық және өзге де маңызды салаларға қаражатты тиімді бөлу мақсатында қабылданды.
Екінші мәселе – Мұнайлы ауданының Баянды ауылы және Батыр, Дәулет, Қызылтөбе ауылдық округтері бойынша 2025-2030 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту. Аталған жоспар жайылымдық жерлерді ұтымды пайдалану, мал шаруашылығын дамыту және экологиялық тепе-теңдікті сақтау мақсатында әзірленген.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-munayli/press/news/details/1050931?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау