КЕЛЕС АУДАНЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Келес ауданы әкімдігінде заңсыз жер қойнауын пайдаланудың алдын алу және оған тосқауыл қою мәселесі талқыланған кезекті мәжіліс өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары, жұмысшы топ төрағасы Сүлеймен Нұрланұлы төрағалық етті.
Мәжіліске Келес аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Әсет Жақыпбекұлы, ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, жер қатынастары бөлімі, сондай-ақ ауыл және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Күн тәртібінде ауыл және ауылдық округтер аумағында пайдалы қазбаларды заңсыз сату орындарын анықтап, олардың жұмысын тоқтату мәселесі қаралды. Тиісті мекемелерге бұл бағытта нақты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, өзге өңірде тіркеліп, аудан аумағында жер қойнауын пайдалануды жүзеге асыратын тұлғаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу және мемлекеттік кірістер органдарымен бірлесе отырып, заңнамаға сәйкес тіркеу жұмыстарын қамтамасыз ету тапсырылды. Аудан аумағында заңсыз жер қойнауын пайдалануға қарсы мобильдік топтың жұмысын жандандыру міндеті қойылды.
Айта кетейік, жыл басынан бері 16 заңсыз әрекет дерегі анықталған. Оның ішінде 11 іс аудандық полиция бөлімі тарапынан Түркістан облысының Экология департаментіне жолданса, 5 іс аудан әкімдігі арқылы Түркістан облысының Жер ресурстарын басқару департаментіне заңға сәйкес шара қолдану үшін жіберілген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1051317?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version