Көлік полицейлері темір жол нысанында заңсыз жұмыс істеген Гана азаматын ұстады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 13 тамызында Астана станциясындағы желілік полиция басқармасының қызметкерлері 29 жастағы Гана Республикасының азаматын анықтап, ұстады. Ол Астана станциясының локомотив депосы аумағында тиісті рұқсатсыз еңбек қызметін жүзеге асырған. Құқықбұзушы жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен Қазақстан Республикасынан шығарылды. Сондай-ақ оған еліміздің аумағына 5 жыл мерзімге кіруге тыйым салынды.

Сонымен қатар, қолданыстағы заңнама талаптарын бұза отырып шетелдік азаматты жұмысқа тартуға жол берген жұмыс беруші де заңға сәйкес жазаланды.

 

Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері Көліктегі ПД миграциялық қызметі 2726 шетелдік азаматты жауапкершілікке тартты. Олардың 2283-і Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібін бұзған. Сот шешімімен 443 құқықбұзушы елден шығарылды.

Сонымен қатар, шетелдік жұмыс күшін заңсыз тарту фактілерін анықтау барысында заң талаптарын бұзған 12 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-transport/press/news/details/1051306?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version