Марқакөл ауданының әкімі Кемешев Рүстембек Набиолдаұлы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Сүлейменов Самат Тоқтарханұлы жұмыс сапары аясында Боран ауылында болды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

        Аудан басшысы ауыл көшелеріне төселіп жатқан асфальт төсеу жұмыстарының барысын қарап, орындалу сапасы мен технологиялық талаптардың сақталуын тексерді. Жол құрылысы ауылішілік қатынасты жеңілдетіп, тұрғындардың күнделікті өміріне қолайлы жағдай жасауға бағытталғанын атап өтті.

       Сапар барысында мердігер ұйым өкілдерімен және жауапты бөлім қызметкерлерімен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстардың барысы жайлы толық ақпарат алды. Аудан әкімі құрылыс сапасын қатаң бақылауда ұстау, белгіленген мерзімде аяқтау және барлық техникалық нормаларды сақтау жөнінде нақты тапсырмалар берді.

       Сонымен қатар, ауылдың жалпы санитарлық жағдайы мен абаттандыру мәселелері қаралды. Аудан басшысы ауыл келбетін жақсарту, көшелерді жарықтандыру және көгалдандыру жұмыстарын да жүйелі түрде жалғастыру қажеттігін айтты.

       Мақсат – ауылдың жол және әлеуметтік инфрақұрылымын біртіндеп жаңартып, тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-markakol/press/news/details/1050658?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version