Жаңа оқу жылы қарсаңында мәслихат депутаттары мәслихат аппаратының қызметкерлерімен бірлесіп жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысты.
Акция аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларға атаулы көмек көрсетуге бағытталған.
Акция аясында мәслихат депутаттары А. Г. Аман, С.С. Старков, сондай — ақ қалалық мәслихатының қызметкерлері көп балалы отбасына – «Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ 3 сынып оқушысы Мырзағазы Рахат Әлидің ата-аналарына ақшалай қаражат табыс етті.
Мұндай бастамалар ерекше назар мен қамқорлықты қажет ететін отбасыларға қолдау көрсетуге ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-lisakovsk/press/news/details/1050915?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау