Әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында 2025 жылдың 12 тамыз күні Ақмола облысының білім беру ұйымдарының 2025-2026 оқу жылына дайындығы туралы Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің және Ақмола облысы білім басқармасының ақпараты тыңдалды.
Отырыс қорытындысы бойынша комиссия мүшелері одан әрі назар аударуды және бақылауды қажет ететін бірқатар бағыттарды атап өтті. Атап айтқанда, білім беру ұйымдарындағы жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтау, бюджет қаражатын тиімді пайдалану, педагог кадрлар тапшылығын жою және жас мамандарды, әсіресе ауыл мектептерінде, белсенді түрде бекіту, мектептерді реновация шеңберінде толық жабдықтауды аяқтау және кауіпсіз орта қалыптастыру, инклюзивті және техникалық білім беруді одан әрі дамыту.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-aqmola/press/news/details/1050906?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау