Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандарының терроризмге қарсы комиссиялары аппараттарының қызметін жетілдіру мақсатында жауапты хатшылары үшін 2025 жылғы 13-15 тамыз аралығында семинар өткізіледі.
Семинардың бірінші күні жоспарланған бағдарламаға сәйкес өтті, оған жаңа материалдарды зерттеу, баяндамаларды талқылау және қатысушылар арасында білім алмасу кірді, бұл тақырыпты тереңірек түсінуге және әріптестерінен құнды кері байланыс алуға ықпал етті. Семинарда алынған ақпаратты қолданудың практикалық аспектілері қарастырылды, соңымен қатар деструктивті элементтері бар діни ағымдар идеологиясынан зардап шеккендермен оңалту іс-шараларын ұйымдастыру және қоғамдық алаңда, интернет-кеңістікте этносаралық инциденттердің алдын алу саласында жаңа идеялар ұсынылды.
Іс-шара жергілікті атқарушы, арнайы және құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылында ұйымдастырылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1050660?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау