Қарағандылық оқушылар республикалық жас жол инспекторлары слетінде екінші орынға ие болды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өскеменде Ғазиз Байтасов атындағы XX Республикалық «Жас жол инспекторлары» отрядтарының слеті мәресіне жетті. Қарағанды облысын таныстырған №95 мектеп-гимназиясының командасы екінші орын алды.

Слет он күнге созылды. Қазақстанның әр өңірінен 20 команда және Қырғызстаннан бір команда қатысты. 

Жас инспекторлар жол қозғалысы ережелерін білуден жарысты, жолдағы қауіпсіз қозғалысты насихаттады, велосипед жүргізуден шеберлігін көрсетті, жасанды жол қиылысында қозғалысты реттеді және «зардап шеккендерге» алғашқы көмек көрсету дағдыларын сынады.

– Оқу жылы бойы жүйелі дайындық жүргіздік, балалар тыңғылықты дайындалды, сондықтан жарыстан бір апта бұрын материалды тек қайталады. Ең күрделі кезең – «Жас эрудит» конкурсы болды. Онда тіпті интернеттен табылмайтын сұрақтар қойылды. Мысалы, “үндістер километр сияқты өлшем бірлігі пайда болғанға дейін қашықтықты қалай өлшеген?” деген сұрақ болды. Олар оны тауықтың даусымен, оқтың ұшуымен немесе табиғи белгілер арқылы есептеген, – дейді №95 мектеп-гимназиясының Жол қозғалысы ережелері клубының жетекшісі Светлана Швачкина.

Жетекшінің айтуынша, ең қызықты сайыс – жас санитарлар конкурсы болды. Алдын ала жоспарланған сценарий бойынша бірден жеті адам көлік апатына ұшырап, әртүрлі жарақат алған. 

Балалар «зардап шеккендерге» шок, сынық, естен тану және тыныс алу тоқтаған жағдайда алғашқы көмек көрсету дағдыларын көрсетуі тиіс болды.

Барлық кезеңдер қорытындысы бойынша Қарағанды командасы екінші орынға шықты. 

Сонымен қатар, командалық және жеке есеп бойынша қарагандылықтар әртүрлі номинациялардан жүлделі орындарға ие болды.

Жас қарағандалықтардың жетекшісі де марапатсыз қалмады. Білім беру ұйымдарының қызметкерлері арасында өткен «Ашық үзіліс» номинациясында Светлана Швачкина үшінші орын алды.

– Әрине, біз бірінші болуды мақсат етіп, сол жолда жұмыс жасадық. Дегенмен бәрі жоспарлағандай болмайды. Дегенмен балалар өзін лайықты көрсетті, нәтижеге біз разымыз, – деді Қарағанды командасының жетекшісі.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1050646?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version