Қарқаралылық спортшы тоғызқұмалақтан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Монғолияда өткен, тірек-қимыл аппараты және көру қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы тоғызқұмалақтан әлем чемпионатында Қарқаралы тұрғыны Дастан Үмітқалиев қола медаль иегері атанды. Додада 10 елден келген 80 ойыншы бақ сынады.

— Барлығы 21 партия ойнадым. Ең қиыны – павлодарлық қарсыласқа қарсы кездесу болды. Ол – Қазақстан чемпионы, сол партияда жеңіліп қалдым. Нәтижесінде ол бірінші, мен үшінші орын алдым. Бірақ жерлестен ұтылу соншалық өкінішті емес. Ең бастысы, жеңіс Қазақстанға бұйырды, — дейді Дастан Үмітқалиев.

Дастанға тоғызқұмалақтың қыр-сырын бала кезінде туысы, бапкер Берік Бейсенаев үйреткен.

— 3-сыныпта оқып жүргенімде Берік аға мені үйірмеге шақырды. Аптасына үш рет айналыстым. Ойын қатты қызықтырды. 2012–2020 жылдары денсаулығыма байланысты ойнамадым, кейін қайта оралдым. Бұрын білетінімді еске түсіріп, жаңасын үйрендім. Тіпті, Қазақстан чемпионатында күміс медаль да алдым, — дейді спортшы.

Жалпы, қазақстандықтар бұл біріншілікте жақсы нәтиже көрсетті. Мәселен, Батыс Қазақстан облысының командасы 12 медаль жеңіп алды, оның төртеуі — алтын.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1050976?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version