Кеше, 8 тамызда, Қонаев қаласы мәслихатының төрағасы С.Нұрқадыров 8 және 10 шағынаудандардың тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында өзекті мәселелер талқыланды: жолдарды асфальттау, балалар алаңдарын орнату, жаңа су және кәріз жүйесіне қосылу, үздіксіз электрқуатымен қамтамасыз ету және т.б.
Шараға уәкілетті мемлекеттік органдар мен мердігер ұйымдардың өкілдері қатысып, тұрғындардың барлық сұрақтарына жауап берді.
Мұндай ашық диалог қала тұрғындарының мұң-мұқтажын жедел шешуге мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-qonaev/press/news/details/1050653?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау