Шығыс Қазақстан – туризмнің жаңа тынысы ашылуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, туризм Шығыс Қазақстанда экономикалық өсудің жаңа драйверіне айналуда. Өңір табиғаты мен мәдени мұрасы – нағыз туристік байлық. Енді бұл әлеует нақты жобалармен іске асуда.

2025 жылдың І тоқсанында өңірге 100 мыңға жуық турист келді, оның ішінде 95 мыңы – ішкі туристер (өсім – 27,1%). Туризмге 15 млрд теңге инвестиция тартылып, 2 ірі нысан іске қосылды. Қонақ үй қызметтерінің көлемі 2 млрд теңгеге жетті. Мақсат – 2029 жылға дейін туристер санын 650 мың адамға жеткізу.

Туристік бағыттарға апаратын 168 км жол жөнделуде (5 млрд теңге). Сонымен қатар, санитарлық-гигиеналық жағдайды жақсарту үшін 12 жаңа санитарлық кешең орнатылды. Туризмге серпін берген тағы бір ірі қадам – Катонқарағай мен Зайсанда жаңа әуежайлардың құрылысы. Жұмыстар 2025 жылдың желтоқсанында аяқталады деп күтілуде. Бұл туралы ШҚО туризм басқармасының басшысы Ержан Алтайұлы Сембинов мәлімдеді.

Туризмнің «4E: Eco, Ethno, Event & Entertainment» тұжырымдамасы белсенді жүзеге асырылуда. Эко- және этно-туризм – өңірдің басты артықшылығы. Биыл Самар ауданында балық аулау фестивалі, Катонқарағайда «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі өтті. 9 шілдеде ірі инвестициялық форум ұйымдастырылып, шетелдік инвесторларға облыстың әлеуеті таныстырылды.

Шекара маңында Марқакөл – Қанас (ҚХР) бағытында трансшекаралық маршрут әзірленуде. Жоба аясында жаңа шекаралық өткел мен туристік қалашық салу қарастырылған. Инфрақұрылым да назардан тыс қалған жоқ: 357 елді мекеннің 218-і интернетпен қамтылған. 2027 жылға дейін қалған 139 ауыл да интернетке қосылады. 136 демалыс базасының 79-ы интернетке қосылған.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1050638?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version