Қала әкімі лифт жабдықтарын өндіруде әлемдік деңгейде жетекші орын алатын халықаралық “CANNY Elevator Co Ltd” компаниясының өкілдерімен кездесті. Компания Шымкент қаласында заманауи лифт шығаратын зауыт салу жөніндегі инвестициялық жобаны жүзеге асыруға мүдделі екенін білдірді.
Жобаның жалпы инвестиция көлемі — 15 миллион АҚШ доллары.
Кәсіпорын жылына 1000 лифт өндіруді жоспарлап отыр.
Алғашқы кезеңде 30 жаңа жұмыс орны ашылады.
Кездесу барысында ынтымақтастықтың келешегі мен қаланың негізгі артықшылықтары талқыланды. Атап айтқанда:
▪️ дамыған өндірістік инфрақұрылым
▪️ тиімді географиялық орналасу
▪️ негізгі көлік дәліздеріне қолжетімділік
Сонымен қатар, қала әкімі инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
“CANNY Elevator” – аса жылдам лифтілер мен биік эскалаторлар технологиясын белсенді түрде дамытып келе жатқан компания. Олар инновациялық инженерлік шешімдер мен қауіпсіздік стандарттарына ерекше мән береді. Компания өнімдері Ресей, Оңтүстік-Шығыс Азия, Оңтүстік Америка және басқа да 100-ден астам мемлекетке экспортталады.
Аталған зауыттың іске қосылуы Шымкенттің индустриялық әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға, экспорттық мүмкіндіктерді кеңейтуге және қаланың инвестициялық тартымдылығын нығайтуға ықпал етеді деп күтілуде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-kasipkerlik/press/news/details/1051173?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау