Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында магистратураға қабылдау емтихандары өтуде.
Емтихандар үш кезеңнен тұрады: Ұлттық тестілеу орталығында өтетін кешенді тестілеу, кейс (жағдайлық тапсырмалар) шешу және эссе жазу.
2025 жылғы 6–7 тамызда алғашқы кезең – кешенді тестілеу өтті.
11 тамыздан бастап екінші кезең – заң нормаларын тәжірибеде қолдану қабілетін және теориялық білімін тексеруге бағытталған кейстерді шешу жүргізілуде.
14 тамыздан бастап үшінші кезең – кейсті талдау және оны шешу жолдарын табу қабілетін айқындайтын эссе жазу өтуде.
Үміткерлер қатарында сот жүйесі қызметкерлері, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдардың өкілдері, адвокаттар қауымдастығының мүшелері, заң кеңесшілері және жеке сот орындаушылары бар. Олардың жасы – 30 және одан жоғары, заң саласында 5 жылдан астам тәжірибесі бар. Бұл – Академияның білім беру бағдарламаларының сұранысқа ие екендігін көрсетеді.
Қабылдау, емтихан және апелляциялық комиссиялардың жұмысына білікті заңгерлер – Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері, Жоғарғы Сот судьялары, Астана қаласының судьялары, адвокаттар қауымдастығының өкілдері және Сот төрелігі академиясының оқытушылары тартылған.
Академияның оқыту бағдарламалары Қазақстан Республикасының сот жүйесінде кәсіби қызмет атқаруға және заң үстемдігін нығайтуға дайын жоғары білікті кадрларды даярлауға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/1050690?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау