Жылыту маусымына дайындық барысы қатаң бақылауда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алға ауданының әкімі Асланбек Шуиншалиев Алға қаласындағы орталық жылыту қазандығына барып, нысанның алдағы жылыту маусымына дайындығын қарады.

Жұмыс барысында қазандықтың техникалық жағдайы, жөндеу жұмыстарының барысы және жылыту кезеңінде көпқабатты үйлерді үздіксіз жылумен қамтамасыз ету мәселесі қаралды.

Аталған нысанның қысқы кезеңде кедергісіз жұмыс істеуі аса маңызды екені аталып, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктелді.

Сонымен қатар, қала әкімдігіне жылыту маусымына көпқабатты үйлердің дайындығын жеделдету мәселесі тапсырылды.

Ағымдағы жылдың тамыз айының 25-30 аралығында бу қазандықтары мен жылу құбырларында қысыммен тексеру жұмыстарын жасау жоспарлануда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-tamdy/press/news/details/1051097?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version