2025 жылдың I жартыжылдығында медициналық ұйымдарды тексеру нәтижелері бойынша қабылданған шаралар туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментініңбақылауында2025жылы барлығы 2418 медициналықұйымтұрады,оныңішінде:

 

– емдеу-косметологиялық объектілер, тері және шырышты қабығын бұза отырып қызмет көрсететін косметологиялық орталықтар – 56;

 

– стационарлық медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілері, наркология және психиатриялық көмек көрсететін объектілерді қоса алғанда – 88;

 

қан қызметін жүзеге асыратын денсаулық сақтау объектілері – 2;

 

алғашқы медициналық-санитарлық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілері – 1158;

 

– стоматологиялық қызмет көрсететін денсаулық сақтау объектілері – 676;

 

– патогенділігі І-IV топтағы микроорганизмдермен жұмыс істейтін зертханалар – 43;

 

– басқа да объектілер-395.

 

2025 жылдың I жартыжылдығында денсаулық сақтау объектілерінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру кестесі бойынша – 27 объект, профилактикалық бақылау тізімі бойынша 24 объект жоспарланған.

 

Кесте бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне тексеру – 13 объектіде жүргізілді, 14 объект тексерілмеген, себебі орналасу орнын ауыстырған – 1 объект, қызметі тоқтатылған – 13 объект.

 

Профилактикалық бақылау тізімі бойынша – 18 объект тексерілді, барлығы 6 объект тексерілмеген (объектілердің орналасу орнын ауыстыру бойынша – 1, жабылу немесе қызметін тоқтату – 4 объекті, нысаналы мақсатын өзгерту себептеріне байланысты – 1). Жоспардан тыс 55 денсаулық сақтау объектісі тексерілді.

 

Кесте, тізім және жоспардан тыс тексерулердің нәтижелері бойынша 29 хаттама толтырылып, сомасы 10 459 120 теңге құрайтын 24 айыппұл салынды, оның  23 өндірілді сомасы 9 830 000 теңге құрады.

 

Бұзушылықтарды жою туралы 40 санитариялық ұйғарымдар берілді, жедел ден қою шараларын қабылдау туралы 11 қаулы берілді, оның ішінде адамдарды жұмыстан уақытша шеттету туралы – 3 қаулы, бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) немесе оның жекелеген түрлерінің (процестерінің, іс-қимылдарының) өндірісіне, өніміне (тауарына), қызмет көрсетуіне, жұмыстарын орындауына тыйым салу  бойынша 8 қаулы), сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа 5 материал жолданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1051848?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version