Айыртау ауданындағы жұмыс сапары барысында Ермек Көшербаев Лобаново ауылында орналасқан «Зейнеп» көпсалалы колледжінің қызметімен танысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Оқу орны Almaty Management University сенімді басқаруына берілген. 

Бүгінде колледжде 378 студент сұранысқа ие бағыттар бойынша білім алуда. Атап айтқанда: ақпараттық технологиялар, туризм және гид-аударма ісі. Оқу үдерісі еңбек нарығының қазіргі талаптарына толық сай, тәжірибеге бағытталған түрде ұйымдастырылған.

📍 Сапар аясында Kozybaev University университетінде де болды. Мұнда студент жастармен жүздесіп, оқу барысымен танысты. Сонымен қатар, 1 200 орынға арналған жаңа студенттік жатақхана кешенін аралады. Бұл – өңірдегі ең ауқымды студенттер үйі. Заманауи талаптарға сай салынған жатақхана әр өңірден және шет елдерден келген студенттер үшін барлық қажетті жағдаймен қамтамасыз етілген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1051761?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version