«Білім болашағы: адал азамат, кәсіби маман» – осы күндері Астана қаласында өтіп жатқан тамыз айындағы республикалық педагогикалық саммиттің негізгі тақырыбы.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Білім болашағы: адал азамат, кәсіби маман» – осы күндері Астана қаласында өтіп жатқан тамыз айындағы республикалық педагогикалық саммиттің негізгі тақырыбы.

Алғашқы іс-шара Астана қаласындағы №103 орта мектепте өтті – «943 – елдегі мақсатты мектептерді дамыту» тақырыбындағы панельдік секция. Секция жұмысына 50-ден астам маман қатысты: аумақтық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшылары, білім беру басқармалары мен ұйымдарының өкілдері.

Секцияны Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Серік Кенесұлы Әшіров жүргізді.

Секцияның жұмысын ресми түрде ашқан ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министр Майра Тұрғанбайқызы Мелдебекова болды.

Қатысушылар білім сапасын арттыру, мектепішілік бақылау жүйесі мен педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту мәселелерін талқылады.

Өзекті тақырыптар бойынша мазмұнды баяндамалар жасаған баяндамашылар:

  • Айдана Шілібекова, «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» АҚ Басқарма төрайымы – «Мақсатты мектеп педагогтерінің кәсіби құзыреттерін дамытудағы нәтижелер мен ілгерілеу»;
  • Әсел Қамбатырова, «А.Байтұрсынұлы атындағы “Талдау” ұлттық білім беруді зерттеу және бағалау орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары – «Мақсатты мектептерде KPI-ге қол жеткізуді талдау»;
  • Әсел Қадирова, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының аға ғылыми қызметкері – «Мектепішілік бақылау жүйесі – білім беру сапасын арттырудың стратегиялық құралы ретінде»;
  • Самал Дошанова, БҚО Ақжайық ауданы, «Алмалы жалпы орта мектебі» КММ директоры – «Мақсатты мектептер – өсу нүктесі»;
  • Андрей Дупик, Testter.kz жобасының негізін қалаушысы – «Оқушылардың білімін бағалаудың заманауи тәсілдері: адаптивті тестілеу, білімдегі олқылықтарды анықтау, прогресті қадағалау».

Қатысушылар маңызды мәселелерді талқылап, пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Секцияның жұмысы нәтижелі әрі конструктивті түрде өтті.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-pavlodar/press/news/details/1051509?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version