«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитеті Абай облысы бойынша Департаменті» РММ – і халықтың тіркелмеген, медициналық қолдануға рұқсат етілмеген, адамның денсаулығы мен өміріне зиян келтіруі мүмкін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануына жол бермеу мақсатында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 233-бабының 2-тармағына сәйкес фармацевтикалық қызметке лицензиясы бар дәріханалардан дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуды ұсынады:
-Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткізуді дәріханаларда, дәріхана пункттерінде, жылжымалы дәріхана пункттерінде бөлшек саудада өткізуге тиісті лицензия алған не “Рұқсаттар және хабарламалар туралы” Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен оптика және медициналық бұйымдар дүкендері арқылы қызметінің басталғаны туралы хабарлаған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер жүзеге асырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-abay/press/news/details/1051876?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау