14 тамыз күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс 35 сессиясы өткізілді. Жиынға мәслихат төрағасы Мұрат Өскенбайұлы Тұрабаев төрағалық етті. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары А.Алдабергенов, аудандық мәслихат депутаттары, мәслихат аппараты, сондай-ақ кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
- «Шиелі кенті және Ақтоған, Алмалы, Бәйгеқұм, Бестам, Еңбекші, Жаңатұрмыс, Жиделіарық, Жөлек, Жуантөбе, Иіркөл, Қарғалы, Қоғалы, Майлытоғай, Ортақшыл, Сұлутөбе, Талаптан, Тартоғай, Тұран ауылдық округтерінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы.
Аталған мәселелер сессияға дейін өткен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында жан-жақты талқыланып, тиісті ұсыныстар әзірленген болатын. Сессия барысында депутаттар бұл ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, қажетті шешімдер қабылданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-shieli/press/news/details/1051595?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау