2025 жылғы 14 тамызда Көпсалалы облыстық аурухананың медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі орынбасары Увалиева Н.Т. «Қабылдау бөліміндегі жас дәрігерлердің жұмысына тәлімгерлік және бейімдеу» тақырыбында семинар өткізді.
Іс-шараға:
* психолог Ебжасарова Г.Б.,
* қабылдау бөлімінің м.а. меңгерушісі Бисенова Г.А.,
* қабылдау бөлімінің жас дәрігерлері қатысты.
Кездесуде мынадай маңызды мәселелер талқыланды:
* тәлімгерліктің мақсаттары мен міндеттері;
* жас мамандарды бейімдеу кезеңдері;
* жас дәрігерлер жиі кездесетін қиындықтар;
* туындайтын мәселелерді тиімді шешу жолдары.
Кездесу барысында айтылған негізгі тұжырымдар:
* Тәлімгерлік – дәрігердің кәсіби қалыптасуының берік негізі.
* Бейімдеу – пациенттердің қауіпсіздігіне салынған инвестиция.
* Қабылдау бөлімінің дәрігері – бүкіл медициналық ұйымның айнасы.
Семинар жас мамандарды қолдау стратегиясын қалыптастыруға, тәжірибе алмасуға, олардың кәсіби өсуі мен қабылдау бөлімінің жағдайында көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға арналған маңызды алаң болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-densaulyk/press/news/details/1051516?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау