- Жалпы ережелер
Осы ереже 2025 жылғы 30 тамыз – Өскемен қаласының күніне орай ұйымдастырылатын «Өскеменге махаббатпен» атты бейнероликтер байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізудің мақсаттарын, шарттарын және тәртібін айқындайды.
Өскемен қаласының туған күніне орай видеографтар, мобилографтар және дрон-операторлар арасында шығармашылық бейнебайқау жарияланады. Қатысушылар Өскемен қаласына деген сүйіспеншілікті, қаламыздың сұлулығын және ерекше атмосферасын бейнелейтін қысқаметражды видеоролик түсіруі тиіс.
Байқаудың ұйымдастырушысы – «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
- Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
- Қала тұрғындарының шығармашылық белсенділігін арттыру;
- Өскемен қаласына деген сүйіспеншілікті насихаттау;
- Қаланың көрікті жерлерін, тарихын, мәдениетін бейнероликтер арқылы таныту;
- Қоғамдық санада оң бейне қалыптастыру.
- Байқауға қатысу шарттары:
- Байқауға кез келген ниет білдіруші азамат қатыса алады (жасы, кәсібі шектелмейді);
- Бейнероликтер «9:16» форматында және 4K сапада түсірілуі тиіс;
- Роликтің ұзақтығы 1 минут 30 секундтан аспауы қажет;
- Бейнероликтің тақырыбы: «Өскеменге махаббатпен»;
- Ролик мазмұны қала өміріне, табиғатына, тарихына, дамуына арналуы тиіс;
- Видеороликке әзілге толы сәттер, қызықты оқиғалар мен күлкілі ситуациялар қосу қошеметпен қарсы алынады.
- Конкурсқа қатысушы міндетті түрде @akimatoskemen және @oskemen_sayasat instagram парақшаларына жазылған болуы тиіс.
- Қабылдаудан өткен бейнеролик 26 тамыз күні бейнероликтің авторы өзінің жеке парақшасында @akimatoskemen парақшасын соавтор ретінде белгілеп, #СенКөрмегенӨскемен және #УстьКаменогорскДругимиГлазами хэштегтерімен жүктеуі қажет.
- Плагиатқа жол берілмейді. Тек авторлық жұмыстар қабылданады.
- Жұмыстарды қабылдау тәртібі:
- Бейнероликтер 2025 жылғы 15 тамыз бен 25 тамыз аралығында қабылданады;
- Қатысушылар qairatuly@bk.ru электрондық поштасына арнайы өтініммен бірге бейнематериалды жіберуі қажет (өтінім үлгісі төменде көрсетілген);
- Бір қатысушы бір ғана бейнеролик ұсына алады.
- Тексерістен өтіп, қабылданған бейнероликтердің авторларына «Қабылданды» деген хабарлама жолданатын болады.
- Байқау жеңімпаздарын марапаттау:
- Байқау жеңімпаздары 30 тамыз қала күніне орай ресми түрде анықталып, марапатталады.
- Ең көп лүпіл жинаған бейнеролик жеңімпаз деп танылады.
- Жалған белсенділік\лүпілдер жинауға және басқа парақшалармен соавторлыққа салуға жол берілмейді.
Ең үздік видео гала-концерт сахнасында көрсетіледі.
Жүлде қоры:
І орын – 300 000 теңге
ІІ орын – 200 000 теңге
ІІІ орын – 100 000 теңге
- Қосымша шарттар:
- Үздік деп танылған бейнероликтер Өскемен қаласы әкімдігінің және ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында жарияланады;
- Ұйымдастырушы байқауға ұсынылған жұмыстарды әлеуметтік мақсаттарда пайдалану құқығын өзінде қалдырады.
7. Өтінім үлгісі:
(өтінім мәтіні электрондық хатта көрсетілуі тиіс)
Т.А.Ә:
Туған жылы:
Байланыс телефоны:
Электрондық пошта:
Бейнероликтің қысқаша сипаттамасы:
Авторлық құқыққа қатысты растау: Мен ұсынып отырған бейнероликтің авторымын және үшінші тараптардың авторлық құқықтарын бұзбайтынымды растаймын.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/1051382?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау