ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

           2025 жылдың 15 тамыз күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық Қоғамдық кеңестің  кезектен тыс отырысы өтті. Күн тәртібінде «Индер-Атырау» автокөлік жолының Индер ауданына қарасты 50 шақырымдық учаскесінде жүргізіліп жатырған жұмыстардың барысы туралы мәселе қаралды. Жиынға аудан әкімінің міндетін атқарушы Артур Табылдыұлы, қоғамдық кеңес мүшелері, Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Хайноллаев Ержан Нұғманұлы, «Теміржол құрылысы Атырау» ЖШС-ның өкілі Кушманов Азат Қуандықұлы, техникалық қадағалаушы Ғұмаров Марат Қалиұлы, аудандық бөлім, мекеме басшылары, мәслихат депутаттары, аудандық мәслихат аппараты, «Ақ  Жайық» сайтының тілшісі, сонымен қатар ауыл белсенділері қатысты.

            🔹 Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Е.Н.Хайноллаевтың, «Теміржол құрылысы Атырау» ЖШС-ның өкілі А.Кушмановтың хабарламасы тыңдалды.

           🔹 Күн тәртібіндегі мәселе бойынша қоғамдық кеңес мүшелері мен жиынға қатынасушылар өз ұсыныс – пікірлерін ортаға салып, хаттама жазылды. 

           🔹 Жиын нәтижесі бойынша бірқатар қарар қабылданып, жауапты басқарма мен бөлімдерге жолданады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-inder-district/press/news/details/1051731?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version