Бүгін, 15.08.2025ж. Түркістан қаласында облыс прокуратурасының бастауымен облыстық полиция департаментімен бірлесіп, алғаш рет 500 ауданаралық учаскелік полиция инспекторларының қатысуымен жиын өтті.
Жиында облыс әкімі Нұралхан Оралбайұлы Көшеров, прокуроры Мұрат Әжінұрұлы Тлеубердиев, полиция департаментінің бастығы Мұрат Талапұлы Қабденов, басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен БАҚ қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде учаскелік инспекторлардың рөлін арттыру, тәжірибе алмасу және құқықтық тәртіпті нығайту.
Жиналғандар учаскелік полиция қызметінің өзекті мәселелерін, қылмыстың алдын алу тетіктерін және азаматтармен тиімді өзара іс-қимыл жолдарын талқылады.
Шара барысында үздік қызметкерлер марапатталып, кәсіби дағдыларды жетілдіруге бағытталған семинарлар өткізілді.
Мұндай кездесулер қоғам мен полиция арасындағы сенімді нығайтып, қауіпсіз орта қалыптастыруға ықпал етеді.
Түркістан облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-turkestan/press/news/details/1051729?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау