Қарақия ауданында теңізді қорғауға арналған ерекше шара өтті.
Балықшылар мен шекара қызметінің өкілдері бірігіп, жағалау бойында кең көлемді тазалық жұмыстарын ұйымдастырды.
Таңертеңнен басталған акция барысында қоқыс жиналып, пластик, шыны және басқа да қалдықтар арнайы орындарға жіберілді.
Бұл бастама теңіз экожүйесін сақтауға бағытталған. Жергілікті тұрғындар мен демалушылардың айтуынша, мұндай шаралар табиғатқа деген жауапкершілікті арттырып, қоршаған ортаға құрмет екенін білдіреді.
Шекара қызметінің өкілдері мен балықшылар бұл жұмысты алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғастыруға ниетті.
Айта кетейік, Құрық ауылының теңіз жағалауы – аудан тұрғындары мен қонақтарының таптырмас демалыс орындарының бірі болып табылады. Табиғат аясында серуендеп, теңіз жағасында тынығуға келетін халық саны жылдан-жылға артып келеді.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1051488?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау