Абай – 180 жыл: ғасырлардан бергі көзқарас

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Екатеринбург, 2025 жылғы 9 тамыз – Қазақстанның Екатеринбургтегі Бас консулдығының және Свердловск өңірлік «Урал қазақтары» халықтар достығын дамыту қоғамдық ұйымының қолдауымен қазақтың ақыны, философы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған дөңгелек үстел мен «Абай» фильмінің көрсетілімі өткізілді.

Қатысушылар Абайдың философиялық-мәдени мұрасын, қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесін, сондай-ақ оның шығармашылығының өзектілігін талқылады.

Іс-шараға Екатеринбург қаласы әкімшілігінің, Урал халықтар үйінің өкілдері, Свердлов облысының ұлттық-мәдени ұйымдарының басшылары, қазақ диаспорасы мен дипкорпус өкілдері қатысты.

Қазақ жастарының қазақ және орыс тілдерінде орындаған Абайдың әндері мен өлеңдері қонақтардың қызығушылығы мен жылы лебіздерін оятты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ekaterinburg/press/news/details/1049056?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version