АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫ ЫСТАНБҰЛДА САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ыстанбұл қаласының Зейтинбурну ауданында қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара өтті.
Айта кетерлігі, 2021 жылдан бастап Түркістан қаласы мен Ыстанбұлдың Зейтинбурну ауданы бауырлас қала мәртебесіне ие. Осы ынтымақтастық аясында екі қала тек іскерлік, экономика және инвестиция салаларында ғана емес, мәдениет пен әдебиет бағытында да өзара байланысын нығайтып келеді.
Мерекелік іс-шара Қазақстан Республикасының Ыстанбұлдағы Бас консулдығының бастамасымен, қазақ ақсақалдары мен қоғам қайраткерлерінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Мерейтой Абай ескерткіші алдында басталып, оған ҚР Ыстанбұлдағы Бас консулы Нұриддин Аманқұл, Түркі мемлекеттері ұйымы Бас хатшысының орынбасары Мерей Мұқажан, Түркиядағы қазақ диаспорасының өкілдері мен қоғам қайраткерлері қатысты.
Салтанатты жиында сөз сөйлеген қатысушылар ұлы ойшылдың мұрасын ұлықтаудың, оның идеялары мен өсиеттерін болашақ ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын атап өтті. Шара аясында Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.
Бағдарлама соңында ақсақалдар Абай рухына құран бағыштады. Шара қазақ пен түрік халықтарының достығы мен мәдени байланысының тағы бір айқын көрінісін айқындайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1049374?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version