2025 жылғы 7 тамыз күні әйел жамағаты өкілдері мен олардың балаларының қатысуымен отбасылық тимбилдинг ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – әйелдердің жан-жақты дамуына , психоэмоционалдық тұрақтылығын қалыптастыруға, қоғам өміріне белсенді бейімделуіне және отбасылық құндылықтарды нығайтуға ықпал ету.
Атап өтерлігі, бұл шара Ұлытау облысында үшінші жыл қатарынан дәстүрлі түрде өткізіліп келеді, осылайша өңірдегі әйелдер қауымы мен олардың балалары үшін пайдалы әрі қызықты алаңға айналды.
Бағдарлама аясында қатысушылар үшін арнайы командалық бірлікті арттыруға арналған тренингтер өткізілді. Олардың ішінде:
«Менің атым – менің хоббиім» атты танысу және өзара түсіністікті арттыру жаттығуы ;
Тілдерді білуге арналған викторина , онда қатысушылар әртүрлі тілдердегі сөздер мен тіркестерді тауып, қызықты фактілермен бөлісті;
командалық өзара әрекеттесуді дамытатын ойындар мен жаттығулар .
Кездесу барысында:
эксперт-психолог Лола Шакимова әйелдердің тұлғалық дамуы мен отбасыдағы өзара түсіністікті нығайту жолдарын түсіндірді ;
дәрігер-гинеколог Дания Скакова әйел денсаулығын сақтау және алдын алу шаралары бойынша пайдалы кеңестер берді ;
теолог-маман Бақжанар Бейсенбек рухани құндылықтардың отбасы тұрақтылығындағы рөліне тоқталып қана қоймай, қатысушылар мен балалар үшін әртүрлі қозғалысқа негізделген және танымдық ойындар ұйымдастырды .
Сонымен қатар, іс-шара шеңберінде топтық және жеке консультациялар өткізіліп, әр қатысушы өзіне қажетті сұрақтар бойынша мамандардан жеке кеңес алу мүмкіндігіне ие болды.
Балаларға арналған көңілді ойын-сауық бағдарламасы өтіп, шығармашылық тапсырмалар орындалды . Шара соңында барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды .
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-din/press/news/details/1049809?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау