Алматыда 1966 жылы пайдалануға берілген құбыр желісінің жөнделуіне байланысты Байзақов көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

15 тамызда сағат 08:00-ден 17 тамызда сағат 19:00-ге дейін Алматыда Байзақов көшесінде Райымбек даңғылынан екі бағытта да көлік қозғалысы шектеледі.

Жылумен жабдықтау желілерін алдағы жылу маусымына дайындау аясында 1966 жылы пайдалануға берілген магистральдық құбыр учаскесінде жөндеу жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеу енгізіледі.

Еске салайық, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @ AlmatyJoly Telegram арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ, «2GIS» және «Яндекс карталары» сервистерінде жарияланған.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1051131?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version