Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Бекзат Жүсіп азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады. Кездесу барысында тұрғындар мүгедектік санатын анықтау, тұрақты жұмысқа орналасу, әлеуметтік көмек алу және тұрғын үй мәселелерін шешу бойынша өтініштерін жеткізді.
Әкім орынбасары әрбір ұсынысты жеке қарастырып, жауапты бөлімдерге тиісті тапсырмалар берді. Сонымен қатар, көтерілген мәселелердің бір бөлігі сол жерде түсіндіріліп, заң аясында шешу жолдары ұсынылды.
Қала әкімдігі тұрғындармен осындай ашық форматтағы кездесулерді тұрақты түрде өткізіп, олардың өтініш-тілектерін тікелей тыңдауды жалғастырады.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1050897?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау