Ақтауда «Ақбота» саябағында санитарлық тазалық жұмыстары күшейтілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде Ақтау қаласының 4А шағын ауданындағы «Ақбота» саябағында санитарлық тазалық пен көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Қала әкімдігіне қарасты мердігер мекеменің 60-қа жуық қызметкері күнделікті кестеге сәйкес аумақты қоқыстан тазалап, жасыл желектерді суарып, саябақты күтіп ұстау жұмыстарын атқарып отыр.

Дегенмен, саябақ маңында орналасқан кейбір жеке кәсіпкерлер тарапынан қоқыс тастау және тазалық талаптарын сақтамау деректері жиі тіркеліп отыр. Әкімдік мұндай әрекеттер саябақтың жалпы келбетіне зиян келтіретінін атап өтіп, кәсіпкерлерді өз аумағын таза ұстауға және ортақ демалыс орнын таза ұстауға шақырады.

– Ақбота саябағындағы жеке кәсіпкерлер саябақ тазалығына бей-жәй қарамай, кәсіпкерлік нысандарының аумағындағы жерді абаттандыру, безендіру, көгалдандыру және тазалық жұмыстарын жүргізу қажет. Демалыс аймағының келбетін бірге сақтайық, – деді Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің маманы Жантілек Асхатов.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1050901?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version